Қазақстанның автокөлік нарығы: Сәуірде сатылым күрт артты
Бір айдағы сатылым бойынша Chevrolet бренді рекордтық көрсеткіш орнатты.
2026 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа автокөлік саудасында белсенділік артты. Бір айда елде 20 857 көлік сатылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға көп. Бұл туралы Kursiv media хабарлады.
Бұған отандық өндіріс көлемнің артуы мен жаңа брендтердің келуі әсер еткен.
Баға арзандап келеді
ҚАО президенті Анар Мақашеваның сөзінше, қазір автокөлік нарығында қызу бәсеке байқалады.
"Ресми дилерлер модельдік қатарды жиі жаңартуға тырысады, ал орташа чек құны төмендеп жатыр. Сатып алушылар тарапынан жаңа технологиялар мен баламалы қуат қондырғылары бар модельдерге деген қызығушылық жоғары", – деп атап өтті ол.
Нарық көшбасшылары
Сәуір айындағы сатылым бойынша Chevrolet бренді рекордтық көрсеткіш орнатты. Бір айда 5501 көлік сатқан. Үздік үштіктің қатарында:
- Chevrolet – 5 501 бірлік;
- Hyundai – 2 656 бірлік;
- Kia – 1 912 бірлік.
Қытайлық брендтер арасында көш басында Changan тұр. Бұл бренд сатылымын 172,4%-ға арттырып, 1 882 көлік өткізген. Нарыққа жаңадан келген BYD (өсім 209,6%) және MG (өсім 282,4%) брендтері де қарқынды өсім көрсетіп отыр.
Ең көп сатылатын модельдер
- Chevrolet Cobalt - 5 319;
- Hyundai Tucson - 853;
- Hyundai Mufasa - 794;