Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Энергетика министрі: Бензин бағасы көрші елдермен теңесуі керек

Редактор Penalty.kz
26.02.2025, 22:00

Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

ria.ru
ria.ru

Қазақстанда жанар-жағармай бағасын мемлекеттік реттеудің алынып тасталды. Сондықтан болашақта бензин бағасы көрші елдермен бір деңгейде болуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Министрдің пікірі

Энергетика министрлігінде өткен брифинг барысында Сәтқалиев "бағаға көптеген фактор әсер ететінін" атап өтті.

"Мемлекеттік реттеуді алып тастау арқылы баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс жағдайына қарай белгіленеді. Бағаға мұнай-газ инфрақұрылымына салынатын инвестициялар, мұнай өнімдерін сатумен айналысатын желілердің шығындары секілді факторлар әсер етеді", – деді министр. 

Көрші елдермен теңесу мүмкін бе?
Сәтқалиевтің айтуынша, егер нарық толықтай реттелмесе, өтпелі кезеңде жанармай бағасы көрші елдердегі деңгеймен теңесуі ықтимал. Қазақстанның солтүстік өңірінде – Ресеймен, ал оңтүстігінде – Орталық Азия елдерімен.

"Мемлекет нақты бағаға қол жеткізуді мақсат етіп отырған жоқ. Десе де біз әлеуметтік жағдайды ескеретін боламыз. Отынның құны мұнай өнімдері нарығын тұрақсыздандырмауы керек. Сондықтан бағаның өсуі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бақылауымен жүйелі және жоспарлы түрде жүргізілетін болады", - деп атап өтті Сәтқалиев.

Болашақта не күтеміз?
Министрдің айтуынша, елдегі жанармай бағасы уақыт өте келе Ресейдегі деңгеймен теңесуі мүмкін.

Еске сала кетсек, 30 қаңтарда Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынына қойылған мемлекеттік баға реттеуі ресми түрде тоқтатылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір