Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мақпал Жүнісова Алматы облысындағы ауылдардың бірінде күтпеген жайтқа тап болды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
08.04.2025, 20:30

Әнші Мақпал Жүнісова өткен демалыста Алматы облысы Жаркент қаласына жол жүрген. Жолда өнер иесі Шелек ауылына тоқтап, дәмхана іздеген, алайда эстрада жұлдызы ауылдан жібі түзу тамақтану орны мен дәретхана таппағанын айтып, желіде видео жариялады.

ardak.kz
ardak.kz

Әнші Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, Құлжа тас жолы бойындағы Шелек ауылын басқарып отырған жергілікті билік өкілдерін сынға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жаркентке жолға шыққан едім, жолшыбай түскі ас ішеміз деп бірнеше кафеге кіріп, қарнымыз ашты. Бір жерде дәретхана жоқ, бәрі далада, оның өзінен шошисың, ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер? Осы уақытқа дейін бұл жердің асханаларында дәретхана жоқ екен. Әкімдік ғимаратында дәретхана бар шығар деп барсам, жабық екен. Жолда да дәретхана қарастырылмаған. Жанармай құю станцияларына тоқтап сұрасақ, тек өзіміз үшін бар деп рұқсат бермегендіктен, суретке түсіп (менімен - ред.ескертпесі) кіргізді. Ол дәретхана да аулада екен. Бұл жақта су құбыры осы жылдарға дейін жүргізілмеген екен", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ Мақпал Жүнісова видеода ауыл әкімдігін халық жүретін жолдарды тазалауға, елмен тығыз байланыста болуға шақырды. Әнші кадрда ауыл әкімдігінің ғимараты тозып тұрғанын көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 2
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір