ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

"Қазақ елі, сүйінші": Бүркіт пен Аишаның төртінші сәбиі дүниеге келді (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал өнер жұлдыздары Бүркіт пен Аиша тағы да ата-ана атанды. Ерлі-зайыпты төртінші баласының өмірге келуімен көпбалалы отбасылар қатарына қосылды.

"Қазақ елі, сүйінші": Бүркіт пен Аишаның төртінші сәбиі дүниеге келді (ВИДЕО)
NUR.KZ

"Қазақ елі, сүйінші!": Әнші жұптың қуанышты сәті

Бүгін әнші Бүркіт (нақ есімі – Айбек Жансейітов) Instagram парақшасында перзентханадан видео жариялап, қуанышты жаңалықты халықпен бөлісті.

Жазбада жаңа туған нәрестесін көтеріп жатқан Аишаны алыстан көруге болады. Бүркіт жазбасында былай деп атап өтті:

"Ал, Қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Біздің қызымыз өмірге келді. Аллаға мың алғыс. Аиша аман! Аллаға шүкір!" 

Енді – көпбалалы ата-ана

Бұл – жұлдызды жұптың төртінші баласы. Бұған дейін олар үш ұл-қыз тәрбиелеп отырған еді. Енді Бүркіт пен Аиша көпбалалы ата-ана мәртебесіне ие болды.

Олардың жанкүйерлері әлеуметтік желіде ыстық лебіздерін білдіріп, жас сәби мен отбасына бақыт тілеуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.