Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Сені қатты күттім": Баян Алагөзова қызы Айсәулені туған күнімен құттықтады (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
22.05.2025, 10:33

Белгілі қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова тұңғышы Айсәуле Бақытбекті 29 жасымен құттықтап, отбасылық архивтен бұрын-соңды жарияланбаған суреттерін көпшілікке ұсынды. Бұл естелік жазба бірден әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

liter.kz
liter.kz

“Сені тоғыз ай бойы күттім…”

Баян Алагөзова Instagram парақшасында жариялаған жазбасында қызының дүниеге келген күнін ерекше толқыныспен еске алды:

“Бәрі кеше болғандай… 29 жыл бұрынғы әрбір сәт есімде. Тоғыз ай бойы тоғыз рет "сохранениеге" жаттым. Сол күткен күн де келіп жетті – 22 мамыр. Сені алғаш кеудеме басқанда, сен жылап, мен бақыттан жылағаным – мен ана атандым!”

Продюсер ол кезде небәрі 22 жаста болғанын айтады. Алайда сол кездің өзінде ана болуға дайын екенін сезінгенін жасырмады.

“Сен сондай зерек, әдемі, қызыққұмар едің. Көздерің моншақтай жарқырап тұратын. Мен сені ең керемет дүкендерден киіндіргім келетін. Саған арналған көйлектер мен шашқа тағатын әшекейлер іздеп, мәз болып жүретінмін. Бақытты болу деген — осы шығар”, — деп жазды ол.

“Сен әлі де мен үшін кішкентай қызсың”

Уақыт қанша өтсе де, ананың жүрегіндегі перзентке деген махаббат өзгермейтіні тағы бір мәрте дәлелденді. Баян ханым қызына деген ілтипатын былай жеткізді:

“Сен мен үшін әлі де кішкентайсың, Айсаш. Көзің сол қалпы жарқырап тұрады. Ал шын мәнінде – сен өзіңе сенімді, ақылды, көрікті, табысты арусың. Тура журнал мұқабасынан түскендей!»

“Мен әрдайым сенің жаныңдамын. Менің махаббатым, мақтанышым, бақытым – сенсің! Әлішердің жанында бақытты бол! Туған күніңмен, менің Айсәулем!” – деп жазды продюсер жүрекжарды тілегін.

Айсәуледен жауап: “Сүйемін сені, мама”

Баян Алагөзованың бұл жазбасына туған күн иесі де шынайы жауап қайтарды:

“Сүйемін сені, мамуля”, — деп жазды Айсәуле.

Желі қолданушыларының пікірі

Желідегі оқырмандар бұл посттан ерекше әсер алып, жүрекжарды пікірлерін қалдырды:

  • “Қызыңыз әрқашан бақытты болсын! Сондай сүйкімді, тәрбиелі, ақжарқын қыз екені көрініп тұр”,
  • “Сіздер өте жақсы қыздар тәрбиелепсіз. Адал, мейірімді екені байқалады”,
  • “Сіз өте шынайы жазасыз. Айсәуле де сіз секілді – креативті, сұлу әрі идеяшыл”.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір