
Танымал әнші Нұрлан Еспанов өз парақшасында қуанышты жаңалық жариялады. Оның ұлы, блогер әрі медиа кеңістікте танылып үлгерген Олжас Еспанов шаңырақ көтерді.
Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген өнер иесі үйлену тойының үзінділерін Instagram парақшасына жариялады. Әнші жазбасында жақсылыққа себепші болған жандарға алғысын білдіріп, қуанышты сәттің елге жұғысты болуын тіледі.
"Алла бұйыртқан тойымызды аман-есен өткіздік. Құттықтап жатқан барша ағайынға алғысымыз шексіз! Осындай қуаныш әр шаңырақта болсын!", – деп жазды Еспанов жеке парақшасында.
Олжас Еспановтың үйлену тойы желіде қызу талқыланып, көпшілік жас жұбайларға ақ тілегін жаудырып жатыр. Тойдың шапағаты мен сән-салтанаты да желіде тараған кадрлар арқылы байқалады.