
Танымал қазақстандық актер Жахан Отарғалиев жары дайындаған ерекше тосын сыйдан көз жасына ерік берді. Бұл әсерлі әрі жүрекке жылы сәт актердің өзінің Instagram парақшасында жарияланды.
Жарияланған бейнежазбада Жаханның жұбайы:
"Сен үнемі мені қуантушы едің, енді менің кезегім келді", – дей келе, сыйлыққа жетелейтін жұмбақ нұсқауларды береді.
Актер алдымен үйге жіберіледі. Ол жақтан: "Сыйлықты алу үшін сәл жүгіресің, енді ресепшнге бар" деген жазуы бар хат табады. Ресепшннен кішкентай қорапша алған соң, оның ішінде басты сыйлық – көлікте тұрғанын біледі.
Көліктегі қораптан шыққан тосынсый – Жахан көптен күткен Меккеге қажылық жолдамасы болып шығады. Осы сәтте актердің көңілі босап, ол еріксіз жылап жібереді. Бұл көрініс көптеген көрермендердің жүрегін елжіретті.
Бейнежазба қысқа уақыт ішінде кең таралып, әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырды. Көпшілік актердің шынайы эмоциясын жоғары бағалап, түрлі пікірлер жазды.