Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Сәкен Майғазиев пен жарының отбасылық құпиясы елді таңғалдырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 22:30

Қазақстанның танымал әншісі, МұзАРТ тобының мүшесі Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динара Майғазиева өз отбасылық қарым-қатынасындағы ерекше бір дәстүрін айтты. Желіде жарияланған жазбада ерлі-зайыптылардың бір-бірін қалай атауы жайлы сыр шертілген.

malim.kz
malim.kz

Сүйіспеншілік – ұсақ-түйектен басталады

Динара Майғазиева өз парақшасында:

“Біз Сәкен екеуміз бір-бірімізге қарапайым емес, жүрекке жылы тиетін ерекше сөздермен тіл қатамыз. Бұл – біздің махаббат пен өзара құрметтің белгісі. Осындай майда дүниелер отбасы берекесінің тірегі болады”, – деп жазды.

Жұбайлардың айтуынша, олар бір-бірін көпшілік сияқты атымен немесе ресми түрде емес, отбасылық лексиконмен “анасы”, “әкесі” деп атайды. Көпшілік бұған таң қалса да, бұл сөздер олардың арасындағы сыйластықтың символына айналған.

“Кемпір” деген сөздің астарынан туған шешім

Бұл ерекше дәстүрдің тууына да бір оқиға себеп болған.

“Бастапқыда Сәкен маған “кемпір”, ал мен оған “шал” деп қалжыңдайтынбыз. Бір күні үйге келген қонақ: “Пірі жоқ әйелді пірі кем дейді. Содан кемпір сөзі шыққан” деді. Осыдан кейін екеуміз ойланып, “анасы” мен “әкесі” деген сөздерге тоқтадық”, – дейді Динара.

Оның айтуынша, Сәкеннің халық алдында жүрген адам екенін ескеріп “сіз” деп сөйлеуді де дәстүрге айналдырған.

“Халыққа құрмет көрсеткен жанға мен де құрметпен қарауым керек. Сондықтан “сіз” деп сөйлеуді жөн санадым”, – дейді ол.

Сәкен Майғазиев те бұл сыпайы қарым-қатынас өзара сыйластықтың бір көрінісі екенін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір