Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мөлдір Әуелбекова: “Енді үнсіз қала алмаймын – айтып жазамын!”

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 07:56

Threads парақшасында ашық мәлімдеме жасаған әнші еліміздегі өнер саласындағы қысымдар туралы ойын жариялады. 

sn.kz
sn.kz

"Қара тізімнен қорыққан әртістер үнсіз қалуға мәжбүр" – Әуелбекова шындықты айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің Threads әлеуметтік желісіндегі жазбасында мәдениет саласындағы еркін пікір білдірудің қиындығы мен қысым жайлы ашық мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық концерттерде өнер иелеріне түрлі шектеулер мен тікелей қысым жасау жағдайлары жиі кездеседі.

“Көптеген концертте әншілерге қысым көрсетіледі. Әртістердің көбісі қара тізімге ілігуден қорқып, үндемей көнуге мәжбүр. Мен де солардың қатарында болдым. Бірақ енді үнсіз қала алмаймын! Айтамын! Жазамын!” – деп жазды Мөлдір.

"Пікір айтсаң – заңгермен сөйлессің" деген үрей әлі де бар

Әншінің айтуынша, елімізде ашық пікір білдіруге тырысқан өнер өкілдерін бірден “құқықтық жауапкершілікпен” қорқыту әлі де кездесетін көрініс.

“Не себепті бізде әлі күнге дейін өз пікіріңді ашық айтсаң, бірден заңгермен сөйлесесің деп қорқытады? Қазір адамдардың барлығы көзі ашық, құқығын біледі. Мәселені мәдениетті түрде шешуді білмесеңдер – үйреніңдер!” – деп жазды ол парақшасында.

"Той-думан" фестиваліне қатысты жазба өшірілді

Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова "Той-думан" фестивалінің ұйымдастырушылары әншілерден тегін өнер көрсетуді талап еткенін сынға алған. Алайда ол жазба кейін әлеуметтік желіден алынып тасталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 7
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір