
Танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова мен оның жары, экстремал-блогер Сәкен Қағаров бал айын Мальдив аралдарында өткізіп жатыр. Жұлдызды жұп шетелдік сапарынан фото және видео жариялап, оқырмандарын таңдай қақтырды.
Айжұлдыз Instagram парақшасына:
“Менің көзіммен” – деп жазып, ерекше атмосферадағы сәттерін көрсетті.
Жарияланған фотосуреттерде Айжұлдыз жеңіл ақ жейде киіп, шашына гүл қыстырып, табиғи сұлулығын паш етсе, Сәкен ақ түсті костюм мен күннен қорғайтын көзілдірікпен стильді образын көрсеткен. Екеуі де экзотикалық пейзаждың фонында жарқырап тұр.
“Әйелім өз әлемінде”, – деп жазды Сәкен Қағаров.
Көпшілік жас жұбайларға жылы лебіздерін жаудырды:
Еске сала кетейік, Айжұлдыз бен Сәкен ерекше үйлену тойымен есте қалды. Мамыр айының басында ерекше стильде үйлену тойын өткізген. Кейін белгілі болғандай, Сәкен Қағаров – әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы атанып, жас келіншегіне пәтер сыйға тартқан.