Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жазира Еркін: "Менің қоғамдық мәртебем – қысым көзіне айналды"

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 12:00

Қазақстандық танымал актриса Жазира Еркін қоғам тарапынан психологиялық қысымға ұшырап жүргенін "Айтарым бар"» подкастында ашық айтты.

instagram/@zhazira_yerkin
instagram/@zhazira_yerkin

Оның айтуынша, тұрмыс құрмағаны үшін көпшілік оны “толық емес адам” ретінде қабылдайды.

“Менің қазіргі әлеуметтік мәртебем — қысымның басты себебі. Тұрмыс құрмағаныма байланысты жиі түсініксіз пікірлер естимін. Кейбір отырыстарда “Сен әлі ештеңеге қол жеткізбедің бе? Ешкім жоқ па? Бопты, бәлкім бірдеңе болар” деген сөздер айтылады. Мұндай қарым-қатынас менің көңіліме қатты тиеді”, — деді актриса.

Ол бұл жағдайдан қатты шаршап, ішкі күйзелістермен күресу үшін өзін түрлі бағытта дамытуға тырысатынын жеткізді.

“Жәй отырсам, ішкі уайым мені жайлап алады. Сол себепті өзімді жан-жақты дамытуға тырысамын. Хоббимен айналысу – менің өмірімнің маңызды бөлігіне айналды. Бұл маған тірек, әрі өзіме деген қамқорлықтың бір түрі”, – дейді Жазира Еркін.

Актриса қоғамдағы әйелге деген қатып қалған түсініктер мен стереотиптерді өзгерту керек екенін де меңзеді. Оның сөзінше, әр адамның өмір жолы мен таңдауына құрметпен қарау – қоғамның сау әрі әділетті болуына негіз болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір