
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жеке концертіне орай Испанияның Барселона қаласына табан тіреді. Әншінің келуін естіген жанкүйерлер мен журналистер оны әуежайда ыстық ықыласпен қарсы алды.
Димаш Барселонаға аман-есен жеткенін әлеуметтік желі арқылы хабарлап, фан-кездесуге шақырды:
"Барселонаға аман-есен келдім. Фан-кездесуде көріскенше!" — деп жазды әртіс.
Әуежайда оны тосып тұрған адамдар шын ықыласпен қарсы алып, қошемет көрсетті. Олардың қатарында шетелдік БАҚ өкілдері де болды.
Әншінің жазбасының астында түрлі елдердің тыңдармандары жылы тілектерін қалдырды:
Желі қолданушылары Димашқа қолдау білдіріп, алдағы концертін тағатсыздана күтіп отырғанын жазуда.
Жуырда Сербиядағы жас балалар оның репертуарындағы "Тау ішінде" әнін таза қазақ тілінде орындап, желі қолданушыларының ықыласына бөленген еді. Бұл Димаш өнерінің шекара асып, түрлі мәдениет өкілдерін біріктіре алатынын көрсетеді.