ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Уәдесінде тұратын аға": Мейрамбек Беспаев Әбдіжаппар Әлқожаға ерекше тосынсый жасады (ВИДЕО)

Қазақ эстрадасының белгілі өкілі Мейрамбек Беспаев шығармашылықтағы інісі, әнші Әбдіжаппар Әлқожаның туған күніне орай тың сыйлық тарту етті.

"Уәдесінде тұратын аға": Мейрамбек Беспаев Әбдіжаппар Әлқожаға ерекше тосынсый жасады (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Желіде кең тараған бейнероликте Әбдіжаппар Әлқожа әзіл-шыны аралас "не сыйлайсың?" деп сұрап, "ағам уәде берді" дейді. Ол видеода:

"Сөзінде тұратын ағалар болса, белгілеп кет. Айтқаны шындыққа айналды. Міне, тосынсыйдың түрі осы!" – деп жазды.

Желіде тарап кеткен видео кадрларынан Беспаевтың сұралған самокатты арнайы кеш өткізіліп жатқан банкет залына әкеліп бергені байқалады.

"Саған не алып берем дегенім есіңде ме? Самокат дайын, алып келдім!" – деп әзілдей жауап қатты Мейрамбек Беспаев.

Айта кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожа Мейрамбек Беспаевтың қыз баласына азан шақырып ат қойған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.