
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі сырқатынан кейін алғаш рет әпкесі Фаризаның Instagram парақшасында жарияланған видеода бой көрсетті.
Жақында Фариза Төреәлі мен оның жұбайы Астанадағы жаңа пәтерде қыздарының "тұсау кесу" салтанатын өткізді. Бұл қуанышқа орай жақын-туыстары мен құрметті қонақтар арнайы келіп, жас отбасына ақ тілектерін арнады.
Алайда көпшілік Төреғали Төреәлінің бұл шараға қатыспағанына алаңдаған еді. Көп ұзамай Фариза желіде әншінің өз отбасымен бірге үйіне келген сәтінен бейнежазба жариялады.
"Қадірлі қонақтарымыз құттықтап келді", – деп жазды Фариза. Видео кадрлардан Төреғалидің әпкесінің үйінде жылы шыраймен қарсы алынғанын көруге болады.
Төреғали Төреәліні көрген жанкүйерлер оның сауығып келе жатқанына қуанышын жасыра алмады. Әлеуметтік желіде жылы лебіздер мен қолдау сөздері жазылды:
Еске сала кетейік, 2025 жылдың наурыз айында Төреғали Төреәлінің денсаулығына байланысты концерттерінің кейінге шегерілгені белгілі болды. Әншінің әкесі бұл туралы мәлімдеп, ұлының ауырып қалғанын айтқан. Осыған байланысты тыңдармандары әлеуметтік желіде сауығып кетуін тілеп, қолдау білдірген еді.