
Желіде қазақстандық атақты боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың бейқам отырған сәті бейнеленген видео кең таралуда.
Видеода Назым Қызайбай бургер жеп отырған сәтте қасындағылардың бірі оны жасырын түсіріп алғаны байқалады. Чемпион қыз бір сәт бейнежазба түсіріліп жатқанын аңғарып, жымиып қарайды. Оның еркін, шынайы қалпы көпшіліктің көңілінен шыққан.
Желі қолданушылары Назымның қарапайымдылығына сүйсініп, түрлі пікір қалдыруда:
2025 жылдың наурызында өткен Әлем чемпионатында Назым Қызайбай 48 келі салмақта финалда ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Бұл – оның әлемдік деңгейдегі үшінші чемпиондық белбеуі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны осы тарихи жеңісімен арнайы құттықтаған еді.
Назым Қызайбай сұхбаттарының бірінде тұрмысқа шыққаннан кейін кәсіпқой спорттағы жолын аяқтайтынын ашық айтқан. Бұл шешімді жанкүйерлер әртүрлі қабылдағанымен спортшының таңдауы құрметке лайық.