Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Алла бәрін орнына қояды": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
26.06.2025, 12:23

Актриса әрі әнші Мөлдір Мұқанова өзінің алғашқы кинотуындысының түсірілім алаңында сезімге ерік беріп, жылап қалды. Бұл сәт желі қолданушыларына ой салды.

видеодан скриншот
видеодан скриншот

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, соңғы уақытта әншілік өнерімен де көзге түсіп жүрген Мөлдір Мұқанова "Шәй в большом городе" атты дебюттік фильміне түсіп жатыр. Ол Instagram желісінде түсірілім кезіндегі ерекше сәттердің бірін жариялады.

Көңілдің толқыны кадрдан көрініс тапты

Мөлдір жүктеген видеода сахнада әрдайым жарқырап жүретін өнер иесінің камера сыртында көзіне жас алғаны бейнеленген. Бұл тек эмоция емес, жылдар бойы жиналған жүрек сырының бір сәттік көрінісі іспетті.

"Күлкімен көмкерілген сахна образының ар жағында көз жасына толы шындық жатыр. Бұл кадр – жай ғана жылау емес. Бұл – іште тұнған сезімнің үнсіз үні", – деп жазды Мұқанова.

Жақындары жылы сөзбен жұбатты

Фильм түсіріліміне қатысушылар да Мөлдірге қолдау білдіріп, оны сабырға шақырды:

"Бәріне қарамастан әлі-ақ жарқырайсың. Киноң сәтті шығады. Өмір де қалыпқа келеді. Қымбаттым, жыламашы. Мені де жылатасың. Білем, қазір ауыр. Бірақ Алла тағала бәрін өз орнына қояды. Сен мықтысың", – деген сөздер жазылған кадрда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір