Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Төреғали Төреәлінің әрекеті жұрт арасында дауға айналды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
08.07.2025, 14:58

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі екінші ұлының тұсауын өз продюсері Жан Мұқановқа кестіріп, көпшіліктің назарына ілікті.

видеодан скриншот
видеодан скриншот

"Дастарханның үстінде тұсау кесу?" 

Бұл туралы журналист Айгүл Мүкей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Төреғали видеода:

“Алланың қалауымен кенже баламның тұсауын кестіріп жатырмыз. Толқын екеуміз бұл міндетті Жан мырзаға сеніп тапсырдық. Бізде жалпақтау да, жағымпаздық та жоқ”, – деп атап өтті.

Айта кету керек, тұсау кесу рәсімі кезінде баланың микрофонды таңдауы да көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді

Көпшіліктің талқысына түскен негізгі мәселе – тұсаудың дастархан үстінде кесілуі. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жайтты ерсі санады:

“Бұлай дастархан үстінде тұсау кескенді алғаш рет көруім”, – дейді бірі.
“Тамақ ішетін жерге баланы шығарғаны қалай?!” – деп ашуын жасыра алмағандар да болды.
“Ұлыңыздың өмір жолы сәтті болсын!” – деп ақ тілектерін білдіргендер де бар.

Тұсау кесу – салт па, әлде сахна ма?

Желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырған осы бейнежазбадан кейін, көпшілік салт-дәстүр мен қазіргі шоу-бизнес арасындағы шекараның қай жерде бұзылып жатқанын сөз ете бастады. Бірі бұл — отбасының жеке таңдауы десе, енді бірі "дәстүрге салқын көзқарас" деп сынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 4
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір