Шавкат Рахмонов өзіне қымбат сый жасады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC ұйымының жеңілмеген өкілі Шавкат Рахмонов өзіне Mercedes-Benz G-Class маркалы көлік сыйлады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жариялады.
instagram/@shavkatrakhmonov94
Жаңа көлік – жеңістердің символы
Шавкат Рахмоновтың кәсіби мансабында 17 жекпе-жек – 17 жеңіс. Әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген спортшы жаңа көлік сатып алып, қуанышын жанкүйерлерімен бөлісті. Mercedes-Benz G-Class үлгісіндегі бұл премиум санаттағы жол талғамайтын көліктің құны шамамен 146 миллион теңге.
Спортшы Instagram парақшасында көлігінің суретін жариялап, бұл сәтті "еңбектің жемісі" деп сипаттады.
Бұған дейін EXEED тізгіндеген
Шавкат бұған дейін қытайлық EXEED маркалы көлікпен жүрген болатын. Жаңа таңдауы – стиль мен статусқа мән беретін спортшының өміріндегі жаңа кезеңнің белгісі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet