Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Анам күн өткен сайын көз алдымда қартайып барады" – Айгүл Иманбаева әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.07.2025, 06:01

Айгүл Иманбаева қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында, табиғаты көркем Қатонқарағай өңірінде анасымен бірге демалып жатыр. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында анасына арналған жүрекжарды жазбасын жариялап, көпшілікті толқытты.

instagram/@aigul_imanbayeva
instagram/@aigul_imanbayeva

Анамның қасында өткен әр сәт – баға жетпес байлық

"Анам күн сайын көз алдымда қартая түсуде. Қаншама жұмыстың ортасында жүрсем де, қолым қалт еткен сәтте анамның қасынан табылуға тырысамын. Соңғы кездері әрбір уақытымды анаммен бірге өткізуге барымды салып жүрмін.

Шынымен де, адам жасы ұлғайған сайын бала секілді еркелей бастайды екен. Өткен өмірін еске алып, кейде жылап алады, кейде қуанып шаттанады. Анамның жанында ұйықтап, таңды қарсы алған әр күнім – мен үшін шексіз бақыт", – деп жазды өнер иесі.

Кітапқа деген махаббат – анамның тәрбиесінен

Иманбаева өзінің жазбасында анасының кітапқа деген ерекше ынтасын да атап өтті. Қазір олар "Жанат" шипажайында күнге арқасын төсеп, демалып жатқан сәтте де анасы кітап оқуды ұмытпайды екен.

"Кітапты қолынан тастамайды. Көзі ауырып кетсе де оқудан бас тартпайды. Бір оқыған кітабын бірнеше рет қайтара оқитын да кездері болады. Осындай білімге деген құштарлықты мен де анамнан үйреніп өстім", – дейді Айгүл Иманбаева.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір