ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Мөлдір Мұқанова отбасылық жағдайы жайлы: "Тұрсынбекке қатысты сұрақты өзіне қойыңыздар" (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы — Мөлдір Мұқанова "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасына сұхбат беріп, соңғы уақытта ел арасында тараған отбасына қатысты қауесеттерге тоқталды.

Мөлдір Мұқанова отбасылық жағдайы жайлы: "Тұрсынбекке қатысты сұрақты өзіне қойыңыздар" (ВИДЕО)
sn.kz

“Жеке өмір – өз шеңберінде қалсын” дейді Мұқанова

Сұхбат барысында Мөлдір Мұқанова желіде тараған әңгімелерге байланысты өз ұстанымын ашық білдірді:

“Жеке өмірімді жеке күйінде қалдыруды шештім. Тұрсекең туралы сұрақты өзіне қойғандарыңыз дұрыс. Ол кісінің парақшасы, көмекшілері бар. Жалпы, бәрі жақсы”, – деді ол қысқаша.

Қоғамдағы қауесет: Ажырасу туралы әңгіме қайдан шықты?

Соңғы кездері әлеуметтік желілер мен кейбір бейресми дереккөздерде Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі болжамдар тараған. Көпшілік арасында әзілкештің ажырасқаны немесе екінші рет шаңырақ көтергені жайлы ақпараттар қызу талқыланды.

Алайда әзірге бұл мәліметтерді ресми ешкім растаған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.