
Қазақстандық танымал актриса және әнші әлеуметтік желіде жаңа көлік тізгіндеп отырған сәтінен видео жариялап, жұртты сүйсіндірді.
Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде күйеуінен сыйға алған көлігін көрсетіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды.
Instagram желісіндегі stories бөлімінде Иманбаева жаңа көлікті тізгіндеп отырған сәтінен бейнежазба жарияланды. Бейнероликті Айдана Байтұрсын есімді қолданушы бөлісіп, онда былай делінген:
"Жездем Айгүл Иманбаеваға көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған".
Желіде тараған видеодан кейін актрисаның өзі көлікке қатысты түсініктеме берді.
"Күйеуім маған мәһрге Lamborghini уәде берген. Келсем: "әзірге Lamborghini емес, Tesla алып қойдым" дейді. Міне", – деп әзіл-қалжың аралас жауап берген Айгүл Иманбаева жаңа көлігін көрсетіп берді.
Оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда. Қолданушылар актрисаның қуанышын бөлісіп, жаңа көліктің сән-салтанатына, сондай-ақ ерлі-зайыптылар арасындағы жылы қарым-қатынасқа сүйсініп пікір қалдыруда.