
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздарына қатысты қойған шектеулері қоғам талқысына түсті.
Әзілкештің айтуынша, оның қыздары құлақ тесу рәсімінен тек сырға тағу сәтінде өте алады. Бұл жайлы Қабатовтың қыздары тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында мәлімдеген.
"Құдалар келіп сырға салып жатады. Мұндай салттың қазақта нақты бар-жоғын білмейміз. Бұл, бәлкім, Тұрсынбектің өзі ойлап тапқан дәстүр шығар", — дейді Мөлдір Мұқанова қалжың аралас.
Қызығы сол — Қабатовтың бұл талабына оның қыздары да қарсы емес. Олар әкелерінің шешіміне құрметпен қарап, осы күнге дейін құлақтарын теспеген екен.
Алайда әлеуметтік желі қолданушылары мұндай шектеуге наразы пікірлерін білдіруде. Олардың кейбірі мұндай тыйымның қазақи дәстүрге еш қатысы жоқ екенін айтып, Қабатовтың әрекетін сынға алды.