
Танымал әнші Төреғали Төреәлі кезекті мәрте ел назарына ілікті. Бұл жолы әлеуметтік желілерде Алакөлде түсірілген видеосы тарап, жұрт арасында қызу пікірталас тудырды.
Желіде тараған видеодан Төреғали Төреәлінің сахнада тұрып, тыңдармандарына қарата айтқан сөзін көруге болады. Әнші өз сөзінде енді ішімдік ішпейтінін, бұған нүкте қойғанын мәлімдеген.
"Сыра алып келейін бе деп тұрсың ба? Жоқ, қойдым. Кеше ғана тоқтаттым емес пе! Ұят қой. Ертең “Алакөлге келіп, ішіп алыпты” дейтіндер шығады. Арасында демалу керек, әрине. Бірақ еңбек ету де қажет", – деді Төреғали.
Алайда әншінің бұл сөзі көпшіліктің көңілінен шыққан жоқ. Комментарийлер легі оның сырт келбетіне, сахнадағы жүріс-тұрысына және сөз саптасына бағытталды: