
Ағылшын футболының аңызы Дэвид Бекхэм имиджін жаңартқысы келіп, 20 жыл бұрынғы стиліне оралмақ болды. Бұл оның алғаш рет АПЛ-дегі "Лестер Ситиге" қарсы матчында жұрт алдына шыққан кездегі қысқа шаш үлгісі болатын. Алайда бәрі жоспардағыдай болмады...
Жаңа стильді шаштаразсыз-ақ жасап көрмек болған Дэвид үй жағдайында шашын өзі қысқартуға бел буады. Бірақ күтпеген жағдайға тап болып, триммердің басындағы насадка ұшып кетеді. Ал Бекхэмнің төбесінде үлкен бір жер қырылып қалады.
"Болдың ба? Қане, қарайық", — дейді Виктория, күйеуінің жалаңаш басын қолымен жапқанын көріп.
Дэвид салмақты кейіппен:
"Бұл күлкілі емес", — деп жауап береді.
Дэвид алақанын алып тастап, төбесіндегі ойдым-ойдым шашты көрсетеді. Осы сәтте Виктория пікірін бүкпей айтады:
"Жақсы көрінбейді... Мен саған әрдайым шындықты айтам — сұмдық көрінеді".
Дегенмен Бекхэм бұл сәтсіздікке қатты қайғыра қоймайды. Жуырда Гэри Невиллмен болған сұхбатында экс-футболшы өзіне жалаңбас жүрген ұнайтынын айтқан еді:
"Бұл — қарапайым, ешқандай күш жұмсамайсың"