Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ерке Есмахан: “Күйеуімді алдамаймын!” — Әнші психологтарға жауап берді

Редактор Penalty.kz
22.07.2025, 13:21

Қазақ эстрадасының танымал жұлдызы Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі жанкүйерлерінен келген сұрақтарға жауап беріп, жас жолдасымен қарым-қатынасы, қартаюға көзқарасы және жоспарлаған сапары жайлы айтты.

Әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

“Ешкімді алдамаймын!”: Ерке жас күйеуіне адал екенін айтты

Жанкүйерлердің бірі психологтардың Ерке жайлы: “Ол күйеуін алдай алады” деген пікірі барын айтып, осыған көзқарасын сұраған. Бұл пікірге әнші келесідей жауап қатты:

“Қателеседі олар. Ешкімді алдамаймын. Мен сүйгенді сүйемін. Психологтарға айтарым: Әйелдерге еркектің өзін емес, оған деген махаббатты сүюді үйретіңіздер.
Себебі еркекті жақсы көрем деп, таусыласыз. Ал егер оған деген махаббатты сүйсеңіз — жүрегіңіз сезімге толады, жүзіңіз нұрланып, айналаңыз гүлдейді, арадағы махаббат ұлғаяды.
Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз. Сонда ер адам  сізге ғашық болады”, – дейді Ерке Есмахан.

Сторис Ерке Есмахан. Скрин: instagram.com/erke_esmahan

Ерке қартаюдан қорқа ма?

Пайдаланушылардың бірі Еркеден “Қартаюдан қорқасыз ба?” деп сұрады. Әнші бұл сауалға философиялық және ашық жауап қайырды:

“Жоқ, Алла жазса, қартаюды, әже мен ата болуды, немерелер мен балаларды сүюді нәсіп етсін. Егер сіз сыртқы сұлулықтың кетуі туралы сұрап отырсаңыз, мен одан да қорықпаймын.
Мысалы, сіз қартайған Мэрилин Монроны көрдіңіз бе? Жоқ. Себебі ол 36 жасында қайтыс болды. Біз оны жас қалпында есте сақтаймыз. Бұл жерде бір ғана таңдау болу керек деп ойлаймын”.

Жаңа сапар мен сахнаға оралу

Ерке өз салмағы жайлы да айтты. Қазір 60 кг, алдағы уақытта тағы 5 кг тастап, сахнаға мүлде жаңа бейнемен оралуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар тағы да сапарға жиналып жатыр.

“Күйеуім бір жаққа билет алып қойды. Әлі уақыт бар. Бірақ мен бұл күнді асыға күтіп жүрмін”, – деді әнші.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір