Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Air Astana бізді қатты қынжылтты»: Қарақат Әбілдина шығынға ұшырағанын мәлімдеді

Сарапшы, спорт журналисі
03.09.2025, 11:52

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Алматыда жоспарланған мәдени шараға қатыса алмай, өзін шығынға батырған Air Astana компаниясын кінәлады. 

stan.kz
stan.kz

«Күні бойы әуежайда отыруға мәжбүр болдық»

Stan.kz мәліметіне сүйенсек, өнер жұлдызы үш ай бұрын-ақ іс-шараға шақырылып, ұшақ билеті алдын ала сатып алынған.

Әншінің айтуынша, ол жиі сапарлап жүргендіктен, ұшақтың 2-3 сағатқа кешігуіне түсіністікпен қарайтын. Бірақ соңғы жағдай шыдамын тауысыпты:

«Қаншама жыл бойы үнсіз келдік. Бірақ кеше бәріміздің ашу-ызамызға тиді. Басшылықтан бірде-бір адам шығып, кешірім сұраған жоқ. Тіпті “ыстық шай ұсыныңыздар” деп те ойламады. Біз қатысатын шараның халық үшін маңызды екенін айттық, басқа жол қарастыруын өтіндік. Бірақ тек уақытты шегере берді. Әуекомпания елдің сенімін иеленіп отыр, алайда жолаушыларға бейжай қарауы көңіл қалдырды», – деді Әбілдина.

Әнші әуежайда 10 сағат бойы ұшу уақытын күткенін, бастапқыда 20:40-қа белгіленген рейстің кейін бірнеше мәрте кейінге шегерілгенін айтты. Ақыры мәдени шараға мүлде үлгере алмаған.

Шығынды кім өтейді?

Қарақат Әбілдина Алматыдағы шараға алдын ала келісім жасап, гонорар да алып қойғанын атап өтті. Алайда ұйымдастырушылар енді қаражатты қайтаруды талап етіп отыр.

«Бұл жағдайда біздің қандай кінәміз бар?! Қонақүйге де ақша төленген еді. Бір компанияның жауапсыздығынан талай адам шығынға батты. Ал Air Astana ешқандай өтемақы төлемейді ме? Жауаптарын жеке парақшамда жарияладым – бәрі дайын мәтін сияқты. Бірақ кеткен шығынды кім өтейді?!» – деп наразылық білдірді әнші.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір