Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Шалдың аты сияқты": Жахан Отарғалиев есімін айтудан ұялатыны жайлы айтты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.09.2025, 12:36

Танымал актер жасөспірім кезінде есіміне байланысты көп күлкіге қалғанын, тіпті атын айтудан ұялғанын мойындады.

El.kz
El.kz

Танымал актер Жахан Отарғалиев есіміне байланысты бала күнінде біраз қиындық көргенін ашық айтты.

«10-11-сынып оқып жүргенде ауылдарға волейболдан жарысқа баратынбыз. Қыздармен танысқанда есімімді айтсам: “Не дейді, шалдың аты сияқты” деп күлетін. Сол кезден бастап атымнан ұяла бастадым. Ешкімге айтқым келмейтін. Үш жыл қиналдым. Бұл мен үшін үлкен комплекс болды», – деді актер.

Қазіргі көзқарасы

Бүгінде кино саласында елге танылған актер атына деген көзқарасы өзгергенін айтады.

«Есен Елеукен – өнердегі әкем. Ол: “Қазір атыңа жұмыс істе, кейін атың саған жұмыс істейді” дейтін. Сол рас екен. Фильмдерімнің арқасында атым таныла бастады. Бәрі мені Жахан деп біледі. Соған қуанамын. Демек, кейде сен жаман деп ойлаған нәрсенің өзінде қайыр бар екен», – деген пікір білдірді актер Жахан Отарғалиев.

Жахан Отарғалиевтың айтуынша, есіміне қатысты балалықтағы күлкілі сәттер бүгінде өткеннің әзіліне айналған. Ол үшін бастысы — өнердегі еңбегі арқылы елдің ықыласына бөлену.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір