«Үш жылда үш сәби»: Дина Төреәлі тағы да ана атанбақ (ВИДЕО)
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы, блогер Дина Төреәлі үшінші сәбиін күтіп жүргенін көпшілікке жария етті. Бұл жаңалықты ол жұбайымен бірге Instagram парақшасында бөліскен видеосы арқылы жеткізді.
Жеке жазбасы
Видеоға қоса Дина жүрекжарды жазба қалдырды:
«Алланың ең үлкен сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүректің соғып тұрғаны. Бақытым үш есеге артты. Шүкір!» – деп жазды ол.
Желі қолданушыларының реакциясы
Оқырмандары бұл жаңалыққа ерекше қуанып, жылы тілектерін жаудырды:
«Үш жылда үш баланың анасы атанып, сонымен қатар дамып та, қыдырып та жүр. Алла қуанышыңды еселесін!»
«Аман-есен босанып, сәбиіңді бауырыңа алуыңды тілейміз»
«Құтты болсын! Тіл-көзден сақтасын»
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.