ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбеков өз руларын атады (ВИДЕО)

«Қайрат» ФК Instagram парақшасында ерекше бейнеролик жариялады. Онда жас футболшылар өздерінің қай рудан шыққанын ашық айтты. Видео бір тәулік ішінде 862 мыңнан астам қаралым жинап, әлеуметтік желіде үлкен пікірталас тудырды.

Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбеков өз руларын атады (ВИДЕО)
instagram/@f.c.kairat

Дастан Сәтпаев — Дулат, Темірлан Анарбеков — Шеркеш

Жүктелген бейнероликте 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев өзінің Дулат руынан екенін айтты. Ал қақпашы Темірлан Анарбеков — кіші жүздің Шеркеш руының өкілі екенін жеткізді.

Команда ішінде түрлі қазақ руларының балалары ойнайтыны белгілі болды. Көпшілігі дулаттар болса, қатарларында найман, шеркеш, телеу және қаңлы руларының өкілдері де бар екен.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды

Бейнежазба астында қазақстандықтар өздерінің де рулық шежіресін бөлісе бастады. Алайда пікірлер екі түрлі бағытта өрбіді. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды

Бір топ желі қолданушысы мұндай жариялылық қоғам ішінде бөлінушілікті күшейтеді деп санайды.

Ал енді бір бөлігі, керісінше, қазақ баласы өз тегін білуі тиіс, бұл — мақтаныш пен дәстүрді сақтау жолы деп бағалады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.