
"Қазгидромет" РМК 21 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Күн райының бұзылуына орай, синоптиктер 14 өңірде ескерту жариялады.
Батыс Қазақстан облысының батысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз шығыс пен оңтүстікте оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығысы мен таулы өңірлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі байқалады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде орталық пен шығыста ауа температурасы 1–3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Атырау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстік, оңтүстік және шығысында төтенше, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында күндіз солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Шығысы мен орталығында жоғары, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі бар, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан жел байқалады. Күндіз батысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.