
Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде жариялаған жаңа бейнежазбаларымен «ұятмендердің» назарын аударды. 41 жастағы әртіс сахнаға арналған жоғары тілігі бар қара көйлекпен көрініп, желіде қызу талқыланған.
Мақпал Исабекова танымал қазақстандық дизайнер тіккен әсем, бірақ ашық көйлекпен түскен бірнеше видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Алайда бұл образ кей желі қолданушыларының көңілінен шықпаған:
- «Сіз мені ренжіттіңіз, бәрі жақсы, бірақ ашық киімнің қажеті жоқ еді»,
- «Сіз – екі баланың анасы, мұндай киім жараспайды»,
- «Енді бәрі Джей Ло-ға еліктейді» — деп жазған сыншылар.
Соған қарамастан жанкүйерлердің басым бөлігі әншінің образын жоғары бағалады:
- «Біздің сұлу»,
- «Күннен күнге жасарып барасыз»,
- «Керемет формадасыз, Макося!» — деп қолдау білдірген пікірлер де көп болды.
Көп ұзамай Исабекова дәл осы көйлекпен түскен суретін жариялап, сын айтқандарға ирониямен жауап берді:
«Бұл көйлек Пандораның жәшігін ашқандай болды. Менің сүйікті “ұятмендерім”, сіздерді қатты сағындым! Декретте жүргенде сіздердің пікірлеріңіз жетіспеп еді. Алысқа кетпеңіздер, мен сіздерді әлі талай “қуантамын”», — деп жазды әнші.