
"Қазгидромет" РМК 22 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің 14 өңірінде күн райының бұзылуына орай ескерту жарияланды.
Ақтөбе облысы:
Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы:
Аймақ бойынша төтенше өрт қаупі бар. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы:
Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Шығыстан соққан жел күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с жылдамдыққа дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы:
Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15–20 м/с, кей сәттерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында 1–3°С үсік жүреді.
Павлодар облысы:
Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы:
Солтүстігі, шығысы және оңтүстігі тұманды болады.
Ақмола облысы:
Солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы:
Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы:
Солтүстігі, шығысы және орталығында тұман күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы:
Таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы және солтүстік-шығыс аудандарда 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше, ал орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы:
Солтүстік-шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысы:
Солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы:
Шығыстан жел соғады, оның екпіні облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысы:
Жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.