Блогер Салтанат Аманқосова лотерея арқылы тікелей көлік ұтыс ойынын өткізіп, басы дауға қалды.
Блогер ұтыс ойынының видеосын жеке парақшасында жариялады. Серіктес ретінде әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұмановамен бірге ойнатты. Лотореяның басты шарты – жөргек сатып алу. Тұтынушылар арасынан ақтаулық келіншек көлік иесі атанды.
Алайда желі қолданушылары ұтыс ойынының әділ өтпегеніне күмәнданады.
“Баланың қолындағы қағазды алмай, басқа қағазды алды”, “Ешкім танымайтын адамға көлік сыйламайды”, “Фаризаның баласындағы қағазды неге алмады?!”, “Ақшаны қайдан тауып жатыр”, “Бүкіл Қазақстан қатысты, бірақ ақтаулық келіншек ұтты. Демек танысы шығар”, “Жанабыловтер сияқты толық тексерсін”– деп жазды көпшілік.