Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Айсәуле Бақытбек ажырасу жайлы сұраққа жауап беріп, неге балаларын көрсетпейтінін түсіндірді

Сарапшы, спорт журналисі

Айсәуле Бақытбек жеке өмірі жайлы ашық айтты.

Айсәуле Бақытбек ажырасу жайлы сұраққа жауап беріп, неге балаларын көрсетпейтінін түсіндірді
optimizm.kz

Қазақстандық блогер және сұхбат жүргізуші Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі оқырмандарының көптен бері қызығушылығын тудырған сұраққа — «Ажырасқансыз ба?» — нақты жауап берді. Сонымен қатар ол не себепті балаларын желіге шығармайтынын түсіндірді.

Айсәуле — белгілі продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың қызы. Ол Instagram парақшасында жиі “Сұрақ-жауап” айдарын өткізеді. Соңғы сұхбатында оқырмандарының бірі одан отбасы жағдайын сұраған.

Блогердің айтуынша, мұндай сұрақтарды негізінен жаңа жазылушылары қояды. Себебі оны бұрыннан танитындар Айсәуленің жеке өмірін ел назарына шығарудан аулақ екенін біледі.

«Мен парақшамда күйеуім мен балаларымды көрсетпеймін. Құдайға шүкір, бәрі жақсы», — деді Айсәуле.

Айсәуле Бақытбек балаларын көпшілікке көрсетпеу себебін де түсіндірді:

«Егер олар өскен соң өздері қаламаса ше? Ал ол уақытқа дейін жүздеген мың адам оларды көріп, түрлерін, талғамын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін біліп қояды. Шынымды айтсам, ересек адамдардың өзге біреудің баласын көруге деген қызығушылығы мені аздап таңғалдырады», — деді блогер.

Айсәуле әлеуметтік желілерді балаларға арналмаған орта деп есептейді және оларға қатысты шектеулердің болуын қолдайтынын атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір