Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тұмау өршіп барады: елімізде 2 млн аса адам инфекция жұқтырған

Сарапшы, спорт журналисі

Тұмаудың өршуіне байланысты қашықтан оқуға жіберілген оқушы саны артты. 250 мыңнан аса ұл-қыз онлайн білім алып жатыр.

Тұмау өршіп барады: елімізде 2 млн аса адам инфекция жұқтырған
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұл — еліміздегі 903 мектептегі 11500 сыныптың оқушылары. Бүгінге дейін жалпы саны 2 миллионан аса тұрғын инфекция жұқтырған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Жабылған сыныптар бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр. Онда 155 мектептегі екі жарым мың сыныптың оқушылары үйінде отыр. Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарында да қашықтан оқуға жіберілгендер көп. Өйткені бір сыныптағы оқушының 30 пайызынан астамы ауырса, барлығы онлайн білім алуға кетеді.

Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметінше, қазір тұмау жұқтырғандар саны өсіп, ел бойынша ауруханаларда инфекция жұқтырғандарды қабылдайтын 13 мың орын дайындалған. Бүгінде оның 75 пайызында науқастар жатыр. Ал ауырлау саналатын Гонконг тұмауын жұқтырғандар саны 1200-ден асады. Мамандар ауруын асқындырып алудан сақтану керек дейді.

"Бұл ауру асқынса — қауіпті. Әсіресе бес жасқа дейінгі балаға. Мұның арты пневмонияның ауыр түріне әкелуі мүмкін. Құрметті ата аналар, ауру белгілері байқалғанда шұғыл түрде дәрігерге көрсетіңіз", - дейді Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір