Қазақ шоу-бизнесінің ең көп талқыланатын жұптарының бірі – әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімова. Олардың 16 жастағы қызы Алау әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды.
Алау өзінің жазбасында әйелдердің бұрынғы және қазіргі рөліне тоқталып, аналардың таңдауы мен еркіндігі туралы айтты.
Ол өз жазбасында шамамен мына мағынаны келтірген:
«Біздің аналарымыз – ер адамның қасында болу үшін өз еркіндігін, бақытын, тіпті өмірін де шетке ысырып қабылдаған соңғы буын. Осымен бұл кезең аяқталуы тиіс».
Бұл сөздер желідегі қолданушыларды бейжай қалдырған жоқ. Көпшілік Алаудың көзқарасын талқылап, қазіргі жастардың ой-санасына, отбасылық құндылықтарға деген көзқарасына назар аударды.
Кейбірі Алаудың сөзі арқылы бүгінгі қыздардың еркін, саналы болып өсіп келе жатқанын атап өтті, енді біреулер отбасылық қатынасқа біржақты баға бермеуге шақырды.