Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қайрат Нұртастың әкесі балдызының қылығын ұнатпай қалды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Ол қазіргі жастардың музыкалық талғамы мен танымал әндердің мәтініне көңілі толмайтынын жеткізді.

Қайрат Нұртастың әкесі балдызының қылығын ұнатпай қалды (ВИДЕО)
Stan.kz

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков балдызы Анелия Үсенованың музыкалық талғамына қатысты әзіл-шыны аралас пікір білдіріп, жастар тыңдайтын әндердің мазмұнына көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы kz.kursiv.media хабарлады. 

Желіде тараған видеода Нұртас Айдарбеков көлікте терме тыңдап келе жатып, жанында отырған балдызының заманауи хит әнді қосқанын ұнатпай қалады. 

«Балдызым, айналайын жастар-ай, мен әжептеуір терме тыңдап келе жатсам, «айфон купи, за ресторан плати»… Не дейді? Қызды шақырған жігіт онсызда өзі төлейді. Қызға төлетпек түгілі, қыздың кешке шығып сенімен, ресторанға барғанына қуанушы едік. Ақшамыз болмаса, 20 тиынға болса да, балмұздақ әперіп, қолымыз қолыңа тиіп кетсе,  сол кеште қолымызды 10 күн жумай жүретін едік. Ой, жастар-ай!» – деп қағытты Нұртас Айдарбеков.

Айдарбековтің сөзінен оның ескі дәстүр мен қазіргі жастар мәдениетін салыстырып, шын көңілімен айтқан өкпе-назы байқалады.

Желі қолданушылары Нұртас Айдарбековтің бұл әрекетін қазақы дәстүрге сай балдызбен қалжыңдасу екенін айтты. Сонымен қатар пікірлерде оның сөзін қолдайтындар көп болды.

«Аға-ау, қазіргі жастар терме емес, дыкс-дыкс деген мағынасы жоқ әндер тыңдайды. Домбырамен айтылатын әндер, термелер – жанға, жүрекке тыныштық сыйлайтын, мағыналы, құдіретті әуендер», – деп жазды оқырмандар.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 2
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір