Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында Мальдив аралдарынан түсірілген жаңа видеосын көрсетті.
Instagram-дағы бейнежазбада әнші шексіз көгілдір су айдынының аясында көрінеді. Ол қара түсті, үстінде ақ аю бейнесі бар принті бар жейдемен камераға тіл қатып, демалысқа қатысты ойын айтты.
«Баршаңызға сәлем! Мынау неткен керемет көрініс. Әр адам осындай сұлулықты көрсе екен. Өзім тамаша демалыстамын. “Лайық демалыс” дейді ғой. Бәрі сәтті болсын», – деді Қайрат Нұртас.
Мальдивтегі әсерлі сәттер әншінің ортаншы қызы Алаудың парақшасында да жарияланды. Кадрлардан оның чемоданымен бунгалоға жүгіріп кіріп, артынша пирске шығып, суға секіргенін көруге болады. Ол бұл сәтте қара түсті спорттық киімде болған.
Желі қолданушылары Алаудың әрекетіне қатысты түрлі пікір қалдырды. Кейбірі бұл сәтті «шынайы қуаныш» деп бағаласа, енді бірі әзіл-қалжыңмен пікір білдірген.
Оқырмандар жазған пікірлер арасында: