Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында өткен жылдардан қалған сирек видеожазбаларын жариялап, тыңдарманын ностальгияға бөледі.
Әнші 11 қаңтар күні туған күнін атап өтті. Осыған байланысты ол әлеуметтік желідегі блогында жастық шағынан сақталған архив кадрларын жариялаған.
Бейнежазбада Мақпал Жүнісова өте жас кезінде сахнада домбыра тартып, ән шырқап тұрған сәттері көрінеді. Видеода фон ретінде әншінің орындауындағы "Қазақтың ерке қызымен" әні қойылған.
Желі қолданушылары әншінің өнер жолындағы естеліктеріне жылы пікір жазып, оның жыл өткен сайын ажары арта түскенін атап өтті.
деген мазмұндағы лебіздер жиі кездескен.