10 наурызға ауа райы болжамы

Сарапшы, спорт журналисі

Синоптиктер 2026 жылғы 10 наурызға дауылды ескерту жариялады.

10 наурызға ауа райы болжамы
egemen.kz

Бүгін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болуы мүмкін. 

Астана қаласында қар, бұрқасын және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысы аумағында қар мен бұрқасын болады. Түнде облыстың батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қалың қар жаууы ықтимал. Батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде тұман күтіледі. Жел түнде облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал оңтүстігі мен шығысында 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Көкшетау қаласында таңертең және күндіз қар мен бұрқасын болжанып отыр.

Алматыда күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде солтүстігі мен оңтүстігінде, таулы өңірлерінде, ал күндіз облыстың көп бөлігінде көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Қонаев қаласында да кей уақытта тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысы, солтүстігі және таулы өңірлерінде көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Көп жерінде тұман. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерде 23–28 м/с.

Шымкент қаласында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі.

Жетісу облысының батысы, орталығы және таулы аймақтарында тұман мен көктайғақ болады. Шығысы, солтүстігі және таулы өңірлерінде желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Талдықорған қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында түнде және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Таулы өңірлерде жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Тараз қаласында да тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с.

Павлодар облысында қар және жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде қалың қар жаууы мүмкін. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерде 23–28 м/с. Павлодар қаласында да қар мен бұрқасын болжанып отыр.

Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және орталығында бұрқасын болады. Кей жерлерде тұман. Семей қаласында жауын-шашын, көктайғақ және күндіз бұрқасын болуы мүмкін.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең қар мен бұрқасын күтіледі. Батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысында түнде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз қар, бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау облысында түнде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде қар мен бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазған қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Атырау облысында түнде облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с болады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығысында және орталығында түнде және таңертең көктайғақ пен тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз қар және жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Орал қаласында күндіз қар және жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстіқ қазақстанның шығысында түнде қар және жаяу бұрқасын күтіледі. Батысында және шығысында тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні түнде шығысында 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, ал оңтүстігі мен шығысында 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Ақтөбе облысы аумағында түнде қар және жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігі, шығысы және орталығында қалың қар жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с, кейде 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда облысында түнде және таңертең қар, көктайғақ және бұрқасын болады. Желдің екпіні 15–20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.Қызылорда қаласында түнде қар, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын болады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні солтүстігінде 15–20 м/с. Өскемен қаласында көктайғақ күтіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір