Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Букмекерлер Францияға сенімді! Италиядан да айқын жеңіс күтеді

Сарапшы, спорт журналисі
05.09.2025, 17:37

Футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі жалғасуда – Olimpbet аналитикасында.

arena.olimpbet.kz
arena.olimpbet.kz

ӘЧ-2026. Іріктеу. D тобы. Бірінші тур. Украина – Франция. 5 қыркүйек, 23:45 (Астана уақыты)

D квартеті жаһандық додаға іріктеуді енді ғана бастайды. Ал бірінші турда осы төрттіктегі ең маңызды матч – Украина мен Франция ойыны өтпек.

Olimpbet сарапшылары «үш түстілерді» сөзсіз фаворит деп санайды, бұған таңғалатындай ештеңе жоқ.

Франция құрамасы – соңғы жылдардағы ең қуатты әрі тұрақты еуропалық командалардың бірі. Айта кетсек, олар қазіргі әлем чемпионатының күміс жүлдегері және соңғы Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері.
ФИФА рейтингінде қарсыластардың арасы өте алшақ: француздар үшінші орында, ал украиндар – 26-орында. Бұдан бөлек, матч Польша астанасында өтетіндіктен, украиндар тек ресми түрде ғана алаң иелері болады.

Екі құраманың өзара кездесу статистикасы айқын түрде «үш түстілердің» пайдасында: 12 матчтың тура жартысында жеңіске жеткен, бар болғаны бір рет қана ұтылған. Дегенмен, соңғы екі ойын тең есеппен (1:1) аяқталды.

Бірақ бұл жағдай Olimpbet аналитиктерінің пікіріне әсер етпейді. Олар қонақтар міндетті түрде гол соғады деп сенеді. Тіпті, үлкен ықтималдықпен екі және одан да көп рет.

Ең күтілетін гол авторы – мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе.

Название

I тобы. Бесінші тур. Италия – Эстония. 5 қыркүйек, 23:45

Іріктеудің I тобында бесінші тур ойындары өтеді. Соның бірі – Италия мен Эстония арасындағы кездесу. Olimpbet сарапшылары алдағы матчта алаң иелерін сөзсіз фаворит деп санайды.

Қызығы, бұл қарсыластар турнир кестесінде қатар тұр: екеуінде де үш ұпайдан бар. Алайда, Балтық елі төрт матч өткізіп үлгерген, ал «скуадра адзурра» – бар болғаны екеу.

Соған қарамастан, қос команда топ көшбасшысы Норвегиядан қатты қалып қойған. «Викингтер» мүмкін болған төрт матчтың төртеуінде де жеңіске жетті. Айта кету керек, іріктеу циклінің алғашқы турында Италияның Норвегиядан ойсырай жеңілуі Лучано Спаллеттидің бас бапкер қызметінен кетуіне себеп болды. Оның орнына Дженнаро Гаттузо келді.

Эстондардың топтағы бірінші орынды иеленіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алуына тек математикалық мүмкіндіктері қалды. Ал егер Италия алдағы матчта жеңіске жете алмаса, онда олар үшінші рет қатарынан ЧМ-ға бармай қалу қаупіне тап болады.

Алайда Юрген Хенннің командасы әлемнің ең атақты құрамаларының біріне шындап қауіп төндіреді дегенге сену қиын. Бұған статистика да дәлел: Италия Эстониямен өткен барлық жеті ойында жеңіске жеткен, жалпы есеп – 20:2.

Сондықтан Olimpbet сарапшылары да алаң иелерінің алты доп айырмасымен жеңіп кету ықтималдығы, қонақтардың жеңілмей қалуынан әлдеқайда жоғары деп есептейді.

Сонымен қатар, олар итальян құрамасынан нәтижелі футбол күтіп отыр. «Скуадра адзурра» «Джевис» аренасындағы матчта «үстіңгі тоталды» қамтамасыз етуі тиіс.

Дереккөз: Olimpbet Arena

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір