ЖБ-Шоу! Әлем чемпионатында гол соққан тұңғыш қазақ кім?
Шығарылым барысында Ермұхамед Мәулен қазақтардың түбі мен тарихи тамырына қатысты ерекше пайымдар да айтты.
ЖБ-шоудың жаңа шығарылымында қазақ тарихы, әлем футболы мен әзіл-шыны аралас қызық деректер айтылды. Бағдарламаның тұрақты резиденті Ермұхамед Мәулен бұл жолы қазақтардың түбі мен тарихи тамырына қатысты ерекше пайымдар айтты.
Оның сөзінше, қазақтың ата-бабалары Еуразияның әр түкпіріне ғана емес, Американың оңтүстігі мен солтүстігіне дейін жетіп, сол аймақтарда өркениет қалыптастыруға ықпал еткен болуы мүмкін.
Осы тұжырымға сүйенсек, әлемдік футболдағы бірқатар танымал ойыншыларды да әзіл-шыны аралас "туыс" деуге болады. Олардың қатарында Португалияда доп тепкен Нуну Гомеш, Германия футболында танылған Илхан Мансыз бен Мехмед Шоль бар.
Бағдарламада сондай-ақ әлем чемпионатында гол соққан тұңғыш қазақ туралы да айтылды. Қызығы, ол қазір Иранда тұрады.