Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Болжамдар

ҚПЛ 2026: сарапшылар әр матчқа болжам жасайды — есеп, жеңімпаз және дәлелдер.

28-тур

Ертіс 0:2 Қызылжар
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 сәйкес емес

Екі команда үшін де ұпай жоғалту өліммен тең, сондықтан қиян-кескі тартыс күтіледі. «Ертіс» өз алаңында ұтылмайды, екі команда да гол салады, жалпы гол саны екі жарымнан көп болады.

дереккөз
Тобыл 2:1 Астана
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 сәйкес емес

«Астана» үшінші орын үшін күресіп жатыр, мотивациясы жоғары әрі сырт алаңда айқын фаворит. «Тобыл» барын салғанымен, қонақтар кем дегенде ұтылмайды.

дереккөз
Елімай 1:3 Ақтөбе
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 сәйкес емес

«Ақтөбе» төртінші орын үшін шабуылға көшеді, ал «Елімай» қорғанысындағы олқылықтар белгілі. Екі команда да гол салады, кемі үш гол болады, матч тең нәтижемен аяқталуы мүмкін.

дереккөз
Қайрат 1:0 Жетісу
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 дұрыс

«Қайрат» айқын басымдықпен жеңеді, кем дегенде үш гол салады.

дереккөз
Жеңіс 1:2 Атырау
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
сәйкес емес

«Жеңіс» турнирлік мотивациядан айырылған, ал «Атырау» Астана аренада қақпаны дәл табады. Жеңімпазды болжау қиын, мұнайшылар үшін тең нәтиже де жетістік болар еді.

дереккөз
Ұлытау 2:0 Оқжетпес
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
сәйкес емес

Нұркен Мазбаев пен Ринат Әлібетовтің командалары да шабуылы, қорғанысы жағынан тең дәрежеде. Ермұхамед Мәулен бұл кездесуге болжам бермейді, бірақ тең нәтижені қалайды.

дереккөз
Каспий 2:1 Алтай
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 дұрыс

«Каспий» өз алаңында басым ойнайды, жергілікті футболшылары намыспен күреседі. Жеңіс «Каспийдің» ұпайын 32-ге жеткізіп, лигада қалу мәселесін шешуге жақындатады.

дереккөз
Қайсар 1:4 Ордабасы
Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен Aladop.kz
1 X 2 дұрыс

«Ордабасы» легионерлерінің деңгейі оқ бойы озық, сондықтан Қызылордада айқын фаворит. Дегенмен «Қайсар» да қорғаныстағы қателікті пайдаланып, бір гол салып қайтады.

дереккөз