Болжамдар
25-тур
Оқжетпес үйінде допты тартып алу мен пас дәлдігімен қауіпті, бірақ Ордабасы иелену мен қақпаға соққы санында басым. Екі жақтан да гол болып, кем дегенде үш гол күтіледі; қосарланған мүмкіндік X2, басымдық Ордабасыда.
дереккөзАқтаудың жасанды алаңы мен бабындағы Каспий Қайратқа қиындық тудырады, ақтаулықтар гол салады. Дегенмен Қайрат қорғаныстағы мәселесіне қарамай жеңіске жетеді.
дереккөзЖеңіс бапкер ауыстырғаннан кейін керемет жүрісте, бірақ Ақтөбе өз алаңында жанкүйерлер алдындағы беделін қалпына келтіруі тиіс. Екі жақтан да гол болатын тартысты ойында Ақтөбе басым түседі.
дереккөзТікелей бәсекелестер кездесуінде Жетісудың менеджмент пен қаржы мәселесі көрініп тұр, ал Ақтөбені ұтқан Ертіс рухқа тойған. Жетісу бұл ойынды ұта алмайды: X2, ең ықтималы — тең нәтиже.
дереккөзҚызылжарға шегінерге жол жоқ, жаңа инвестор мен Жуковский келгеннен кейін команда бір деңгей жоғары. Атырау қиын жағдайда, сондықтан бір доп айырмасымен болса да үй иелері жеңеді.
дереккөзАлтай үшін бұл маусымдағы ең маңызды ойын, бірақ Қайсардың ойыны әдемірек әрі легионерлері бар. Қайсарға тең нәтиже де жеткілікті — X2 ұстанымы дұрыс, азғантай басымдық қонақтарда.
дереккөзЕлімай психологиялық тығырықта, Оразовсыз шабуылы сөнген. Исламхан мен Томасов ойнап тұрған Астана үшінші орын үшін күресте өз алаңында жеңеді.
дереккөзТобыл тоғызыншы орында тұрса да, жеңіс алтыншы орынға жол ашады. Лисакович, Ненадович, Миловановичтен құралған шабуыл өз алаңында Ұлытаудың қарсылығын сындырады.
дереккөз