Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Киберспорттағы читерлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек

Сарапшы, спорт журналисі

Ірі көлемде айыппұл салу жағы да қарастырылып отыр. 

Киберспорттағы читерлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек
rozetked.me

Ресейде киберспортта «допинг-софт» қолданған ойыншыларға ірі көлемдегі айыппұл мен қылмыстық жауапкершілік енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бастаманы Ресейдің Спорт министрлігі мен мемлекеттік дума депутаттары қолдады.

«Известия» мәліметі бойынша, Ресей депутаттары Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне жаңа бап енгізуді жоспарлап отыр. Ол бап киберспорт жарыстарында:

  • читерлік бағдарламаларды,
  • макростарды,
  • AI негізіндегі көмекші құралдарды

қолданған геймерлерге 30 000 рубльге дейін айыппұл салуды көздейді.

Сонымен қатар, «допинг-софт» қолданылған жағдайда ойын жабдықтарын тәркілеу жазасы да қарастырылып жатыр.

Қылмыстық жаза да енгізілуі мүмкін

Ресей билігі тек әкімшілік айыппұлдармен шектелмей, киберспорттағы жалған жеңістер мен матч манипуляциясы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу мүмкіндігін де талқылауда.

Бұл бастама «спорт нәтижелерін қолдан жасау» туралы бапқа сүйенеді және болашақта киберспортты толыққанды кәсіби спорт ретінде реттеуге бағытталған.

Қазақстандағы жағдай

Осы тұста айта кетсек, Қазақстанда да киберспорт белсенді дамып келеді. Жақында Қазақстан киберспорт федерациясы ел тарихындағы алғашқы гибридті фиджитал-футбол және киберфутбол академиясын ашатынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір