Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Илон Маск LoL про-ойыншыларына қарсы жасанды интеллект матчын ұйымдастырмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Жасанды интеллект енді моба-ойындар арасына да қосылады.

Илон Маск LoL про-ойыншыларына қарсы жасанды интеллект матчын ұйымдастырмақ
Сурет: ашық дереккөздерден

xAI компаниясының басшысы Илон Маск League of Legends үздік ойыншылары мен Grok 5 жасанды интеллекті арасында көрсетілім матчын ұйымдастырғысы келетінін жариялады.

Маск бұл ұсынысты X желісінде жазып:

«Адамдар ма, әлде жасанды интеллект пе — қайсысы мықты?» деген сұраққа жауап тапқысы келетінін айтты.

Әділдік үшін ол ИИ-ге бірқатар шектеу қоюға ниетті. Grok ойынға тікелей қосылмайды — ол мониторды камера арқылы «көріп», адам сияқты қабылдайтын болады. Сонымен қатар реакция жылдамдығы мен перне басу қарқыны да әдейі баяулатылады, яғни Grok-қа артықшылық берілмейді.

Масктың сөзінше, Grok-тың жаңа нұсқасы кез келген видеойынды түсініп, меңгере алатындай етіп жасалған. Жасанды интеллект ойын ішіндегі нұсқаулықтарға сүйеніп үйреніп, өзі де тәжірибе жасап, механикаларды игереді.

Алғашқы көрсетілім жекпе-жекке қай команда шақырылатыны және матч ережесі кәсіби LoL стандарттарына сай өзгере ме — бұл жайлы Маск әзірге нақты мәлімет берген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір