24 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Будапештте CS2 тарихындағы ең маңызды турнирлердің бірі — StarLadder Budapest Major 2025 өтеді. 32 команда $1,25 млн жүлде қорын бөліске салады.
Турнирге әлемнің үздік 32 құрамасы қатысады. Олардың қатарында:
- Team Falcons
- Team Spirit
- Natus Vincere (NAVI)
- PARIVISION және басқалары
Жүлде қоры — $1 250 000. Жарыс төрт кезеңнен тұрады.
1. Үш топтық кезең (Swiss system)
- Әр кезеңде 5 тур
- Команда 3 жеңіске жетсе — келесі кезеңге өтеді
- 3 рет жеңілсе — турнирден шығады
Кездесулер форматы:
2. Плей-офф (Single-elimination)
- 8 команда қатысады
- Барлық матчтар — best-of-3
- Финал — Major тарихында алғаш рет best-of-5 форматына өтеді
Қатысушылар жүйесі
- 16 команда бірінші топтық кезеңнен бастайды
- Қалғандары рейтинг пен іріктеу негізінде екінші және үшінші фазаларға бірден шақырылды
- Әр кезеңнен 8 команда келесі раундқа өтеді
Жүлде қоры қалай бөлінеді?
- 1 орын — $500 000
- 2 орын — $170 000
- 3–4 орын — $80 000
- 5–8 орын — $45 000
- 9–16 орын — $20 000
- 17–24 орын — $10 000