CS2 бойынша ауқымды турнирлер сериясы жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

StarLadder алдағы маусымда кәрі құрлық аумағында 6 жарыс өткізбек. Әрқайсысының жүлде қоры кемі 100 мың доллар. 

CS2 бойынша ауқымды турнирлер сериясы жарияланды
cs-config.ru

Киберспорт әлемінде ірі турнирлер ұйымдастырумен айналысатын StarLadder Counter-Strike 2 ойыны бойынша жаңа LAN-чемпионаттар сериясының басталғанын мәлімдеді. Жоба тир-2 деңгейінде өнер көрсететін командалардың бәсекелестік ортасын сақтауға және дамытуға бағытталған.

Турнирдің жүлде қоры белгілі

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, 2026 жылы алты LAN-ивент өткізу жоспарланған. Әр турнирдің ең төменгі жүлде қоры – 100 мың АҚШ доллары. Жарыстың бәрі Еуропада өтеді. Дегенмен, болашақта турнир географиясын Америка мен Азияға кеңейту көзделіп отыр.

Қазіргі таңда жаңа серия аясында екі турнир ресми түрде жарияланды:

  • Stake Ranked Ep.1 – 1–4 сәуір
  • Stake Ranked Ep.2 – 27–30 мамыр

Қатысушыларды іріктеу форматы жарияланды

Командалар құрамы:

  • Valve-дің аймақтық рейтингі (VRS),
  • Ашық және жабық іріктеу кезеңдері арқылы жасақталады.

Stake Ranked Ep.1 турниріне іріктеу ақпан айында басталады. 21–22 ақпан – ашық квалификация (2 команда анықталады). 4–8 наурыз – жабық кезең, оған 14 шақырылған ұжым қосылады. Үздік екі командаға LAN-кезеңге жолдама берілсе, тағы алтауы инвайт алады. Олар VRS рейтингінде 13-орыннан төмен тұрған ұжымдарға жіберіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір