Отандасымыз жуырда бәсекелі маппулдегі соңғы өзгерістерге қатысты ойын айтқан болатын.
CS2 бойынша кәсіби ойыншы, FURIA Esports командасының снайпері Данил Molodoy Голубенко бәсекелі маппулдегі соңғы өзгерістерге қатысты ойын айтты. Ол өз пікірін CS2NEWS Telegram-арнасына берген сұхбатында бөлісті.
Molodoy-дың айтуынша, Train картасы оның командасы үшін ең қолайлы ареналардың бірі болған.
«Train біз үшін жақсы карта еді, тіпті ең үздіктерінің бірі деуге болады. Ал Anubis соңғы жаңартуға дейін аса сәтті карталардың қатарына кірмейтін», — деді ол.
Сонымен қатар, ол бұл өзгерістің екіжақты әсері бар екенін де атап өтті. Себебі командаластарының бірі Anubis картасын ерекше жақсы көреді.
CS2 снайпері бәсекелі маппулге Cache картасының қайта қосылғанын қалайтынын жасырмады.
«Шынымды айтсам, Cache картасын қосуды қалар едім. Мен үшін бұл карта AWP-ке өте ыңғайлы. Онда снайпер ретінде түрлі тактикалық мүмкіндіктер көп, сондықтан ол маған қатты ұнайды», — деп атап өтті Molodoy.
Айта кетейік, 10 қаңтарда CS2-нің бәсекелі маппуліне Anubis картасы қайта оралып, оның орнына Train алынып тасталды. Бұл өзгерістер BLAST және ESL турнирлерінде күшіне енеді.
Атап айтқанда, жаңартылған маппул:
турнирлерінен бастап қолданылады.
Оқи отырыңыздар: