
Жаздың соңғы айлары мен күздің басы — қауын мен қарбыздың маусымы. Бұл шырынды әрі тәтті жемістер дастарқанның сәніне айналады. Алайда оларды дұрыс тұтынудың да өз ережелері бар.
Көпшілігіміз бұл жемістерді диетаға пайдалы деп ойлаймыз. Иә, олардың құрамында су көп, асқорытуды жақсартады. Бірақ диетологтардың айтуынша, оларда қант мөлшері де аз емес:
«Қарбыз бен қауынды жегеннен кейін адам өзін тоқ сезінеді. Бірақ көп ұзамай қайта ашығады, қайтадан тамақ жеуге құмартуы мүмкін. Сондықтан олар арықтататын өнім деп айту — жаңсақ пікір», — дейді диетолог Инна Пичугина.
Маман қауын мен қарбызды десерт пен тәтті тоқаштар орнына жеуге кеңес береді. Яғни, түскі астан кейін немесе күндізгі жеңіл ас кезінде жеген дұрыс. Бұл зиянды тәттілердің орнын пайдалы баламамен алмастыруға көмектеседі. Тек бір реттік мөлшерді сақтаған жөн — 200-300 граммнан аспауы керек.
Қауын мен қарбызды қышқыл сүт өнімдерімен араластырып жеуге болмайды. Мұндай комбинация іштің бұзылуына, кебуге немесе асқазанның жайсыздануына себеп болуы мүмкін.
Диетологтар бақша жемістерді кей адамдарға шектеулі мөлшерде жеуге кеңес береді:
«Ал циститпен ауыратын адамдарға керісінше — қарбыз бен қауын пайдалы. Олар қабынуды азайтып, зәр шығару жүйесін жеңілдетуге көмектеседі», — дейді мамандар.
Тағы бір маңызды жайт — жемістің сапасы мен қауіпсіздігі. Ең дұрысы — сертификацияланған дүкендер мен базарлардан алған жөн.
Қарбыз бен қауын — денсаулыққа пайдалы маусымдық жемістер. Бірақ оларды шамамен, орнымен және денсаулық жағдайына сай тұтыну керек. Егер дұрыс қолдансаңыз, бұл жемістер жаздың тәтті әрі пайдалы сыйы бола алады.